Спорттық гимнастикадан ұлттық құрама мүшесі әлем Кубогы кезеңдері қорытындысында төртжылдықтың басты додасына жолдама жеңіп алды. Гимнастикалық ат снаряды жаттығуында өнер көрсететін спортшымыз Олимпиадаға іріктеу кезеңінде жалпы 70 ұпай олжалап, екінші орынға тұрақтады. «Бұл — бәріміз үшін көптен күткен Олимпиада жолдамасы. 2019 жылғы әлем чемпионатында Олимпиада ойындары лицензиясына бір қадам жетпей тоқтаған едім. Араға 4 жыл...Читать далее
Спорттық гимнастикадан Дохадағы әлем Кубогы кезеңінде Қазақстан намысын қорғаған Аида Бауыржанова жарысты 8-орында аяқтады. Жерлесіміз қол тіреп секіру жаттығуы финалында бақ сынап, үздік сегіздік қатарына енді. Ертең Аида Бауыржанова еркін жаттығу финалында өнер көрсетеді.Читать далее
Қазақстандық гимнасшы Дмитрий Патанин спорттық гимнастикадан Дохада өтіп жатқан әлем Кубогы кезеңінде қола жүлдеге қол жеткізді. Отандасымыз еркін жаттығу финалында 14.500 ұпай олжалап, үздік үштіктің қатарынан көрінді. Дмитрий мен ұлттық құрама бапкерлерін қола жүлдемен құттықтаймыз!Читать далее
Спорттық гимнастикадан Қазақстан құрамасының көшбасшысы Милад Карими Дохада өтіп жатқан әлем Кубогы кезеңінде алтын медаль иеленді. Отандасымыз еркін жаттығу финалында 14.766 ұпай еншілеп, тұғыр биігінен көрінді. Спортшымызды алда тағы екі финал күтіп тұр. Милад ертең гимнастикалық керме мен қоссырық жаттығулары финалында бақ сынайды. Гимнасшымыз бен бапкерлерді жеңіспен құттықтап, сәттілік тілейміз!Читать далее
Спорттық гимнастикадан Дохадағы әлем Кубогы кезеңінің екінші жарыс күнінде спортшыларымыз үш финалда бақ сынауға мүмкіндік алды. Ұлттық құрама үздігі Милад Карими гимнастикалық керме (2-орын) мен қоссырық (4-орын) іріктеуінде үздіктер қатарынан көрініп, шешуші сынға жолдама алды. Осылайша, Милад әлем Кубогы кезеңінің үш жүлдесі үшін таласады. Жарыстың алғашқы күнінде ол еркін жаттығу бойынша финалға жолдама алған. Әйелдер...Читать далее
17 сәуірде Қатар астанасында спорттық гимнастикадан әлем Кубогы кезеңі басталды. Онда ел намысын 6 спортшымыз қорғап жатыр. Кеше жарыстың алғашқы күні өтіп, спортшылар іріктеу кезеңінде сынға түсті. Төрт отандасымыз финалға жолдама алды. Гимнастикалық ат снаряды жаттығуында ұлттық құрама үздігі Нариман Құрбанов 15.033 ұпай алып, екінші орынмен финалға өтті. Еркін жаттығуда ел намысын Милад Карими (14.533...Читать далее
Болгария астанасында өткен көркем гимнастикадан Sofia Cup халықаралық турнирінде ел қоржыны 1 күміс және 3 қола жүлдемен толықты. Қазақстандық гимнасшы Эрика Жайлауова көпсайыс қорытындысында үздік үштікті түйіндеп, доп жаттығуы финалында да қола жүлде еншіледі. Тағы бір гимнасшымыз Милана Парфилова шығыршықпен жаттығу финалында күміс медаль олжалады. Ал таспамен жаттығу қорытындысында спортшымыз үздік үштікті түйіндеді. Бұған дейін...Читать далее
Спорттық гимнастикадан Қазақстан құрамасының мүшесі Ильяс Азизов Хорватияда өтіп жатқан Challenge Cup санатындағы әлем Кубогы кезеңінде бір алтын, бір күміс медаль иеленді. Отандасымыз гимнастикалық ат снаряды жаттығуы финалында қарсылас шақ келтірмей, тұғыр биігінен көрінді. Сондай-ақ, Ильяс Азизов еркін жаттығуда 14.200 ұпай олжалап, күміс медальға ие болды.Читать далее
4-7 сәуір аралығында Болгария астанасында көркем гимнастикадан Sofia Cup халықаралық турнирі өтіп жатыр. Топтық жаттығудан Қазақстан құрамасы көпсайыс және бес шығыршықпен жаттығу финалында өнер көрсетіп, екі күміс медаль жеңіп алды. Болгарияда ел намысын қорғаған командамыз: Аружан Қалсаева, Аяулым Қадір, Баян Қойбақар, Ақсұңқар Әбдірахман, Мария Корниенко, София Ан.Читать далее
Спорттық гимнастикадан Каирде өткен әлем Кубогы кезеңінде Зейнолла Идрисов қола жүлдегер атанды. Гимнасшымыз ат снаряды финалында 14.800 ұпай жинап, үшінші орынға тұрақтады. Отандасымыз биылдан бастап ересектер арасында өнер көрсетіп жатқанын айта кету керек. Ат снаряды финалында тағы бір спортшымыз Нариман Құрбанов өнер көрсетіп, ол 14.030 ұпаймен 5-орынға тұрақтадыЧитать далее