Doha World Cup: гимнасшыларымыз тағы үш финалда өнер көрсетеді

Спорттық гимнастикадан Дохадағы әлем Кубогы кезеңінің екінші жарыс күнінде спортшыларымыз үш финалда бақ сынауға мүмкіндік алды.

Ұлттық құрама үздігі Милад Карими гимнастикалық керме (2-орын) мен қоссырық (4-орын) іріктеуінде үздіктер қатарынан көрініп, шешуші сынға жолдама алды. Осылайша, Милад әлем Кубогы кезеңінің үш жүлдесі үшін таласады. Жарыстың алғашқы күнінде ол еркін жаттығу бойынша финалға жолдама алған.

Әйелдер арасында ел намысын қорғап жатқан Аида Бауыржанов еркін жаттығудың іріктеу сыны қорытындысы бойынша 6-орынға тұрақтап, финалға өтті. Ол бұған дейін қол тіреп секіру жаттығуында шешуші кезеңге жолдама алған.

Дохадағы әлем Кубогы кезеңінің 20 сәуірге дейін жалғасады. Милад пен Аидадан өзге, Нариман Құрбанов пен Дмитрий Патанин сайысқа түседі. Турнир қорытындысында Париж Олимпиадасы жолдамасының иегерлері белгілі болады.