Зейнолла Идрисов әлем Кубогы кезеңінде қола медаль еншіледі

Спорттық гимнастикадан Каирде өткен әлем Кубогы кезеңінде Зейнолла Идрисов қола жүлдегер атанды. Гимнасшымыз ат снаряды финалында 14.800 ұпай жинап, үшінші орынға тұрақтады.

Отандасымыз биылдан бастап ересектер арасында өнер көрсетіп жатқанын айта кету керек. Ат снаряды финалында тағы бір спортшымыз Нариман Құрбанов өнер көрсетіп, ол 14.030 ұпаймен 5-орынға тұрақтады

Leave a Reply