Көркем гимнасшыларымыз Болгарияда тағы 4 медаль жеңіп алды

Болгария астанасында өткен көркем гимнастикадан Sofia Cup халықаралық турнирінде ел қоржыны 1 күміс және 3 қола жүлдемен толықты.

Қазақстандық гимнасшы Эрика Жайлауова көпсайыс қорытындысында үздік үштікті түйіндеп, доп жаттығуы финалында да қола жүлде еншіледі.

Тағы бір гимнасшымыз Милана Парфилова шығыршықпен жаттығу финалында күміс медаль олжалады. Ал таспамен жаттығу қорытындысында спортшымыз үздік үштікті түйіндеді.

Бұған дейін топтық жаттығудан Қазақстан құрамасы екі күміс медаль олжалаған еді.