Day

Сәуір 19, 2024
19
Сәу
2024

Аида Бауыржанова әлем Кубогы кезеңін 8-орынмен аяқтады

Спорттық гимнастикадан Дохадағы әлем Кубогы кезеңінде Қазақстан намысын қорғаған Аида Бауыржанова жарысты 8-орында аяқтады. Жерлесіміз қол тіреп секіру жаттығуы финалында бақ сынап, үздік сегіздік қатарына енді. Ертең Аида Бауыржанова еркін жаттығу финалында өнер көрсетеді.
Читать далее
19
Сәу
2024

Дмитрий Патанин әлем Кубогы кезеңінің қола жүлдегері атанды

Қазақстандық гимнасшы Дмитрий Патанин спорттық гимнастикадан Дохада өтіп жатқан әлем Кубогы кезеңінде қола жүлдеге қол жеткізді. Отандасымыз еркін жаттығу финалында 14.500 ұпай олжалап, үздік үштіктің қатарынан көрінді. Дмитрий мен ұлттық құрама бапкерлерін қола жүлдемен құттықтаймыз!
Читать далее
19
Сәу
2024

Милад Карими Дохадағы әлем Кубогы кезеңінің жеңімпазы атанды

Спорттық гимнастикадан Қазақстан құрамасының көшбасшысы Милад Карими Дохада өтіп жатқан әлем Кубогы кезеңінде алтын медаль иеленді. Отандасымыз еркін жаттығу финалында 14.766 ұпай еншілеп, тұғыр биігінен көрінді. Спортшымызды алда тағы екі финал күтіп тұр. Милад ертең гимнастикалық керме мен қоссырық жаттығулары финалында бақ сынайды. Гимнасшымыз бен бапкерлерді жеңіспен құттықтап, сәттілік тілейміз!
Читать далее
19
Сәу
2024

Doha World Cup: гимнасшыларымыз тағы үш финалда өнер көрсетеді

Спорттық гимнастикадан Дохадағы әлем Кубогы кезеңінің екінші жарыс күнінде спортшыларымыз үш финалда бақ сынауға мүмкіндік алды. Ұлттық құрама үздігі Милад Карими гимнастикалық керме (2-орын) мен қоссырық (4-орын) іріктеуінде үздіктер қатарынан көрініп, шешуші сынға жолдама алды. Осылайша, Милад әлем Кубогы кезеңінің үш жүлдесі үшін таласады. Жарыстың алғашқы күнінде ол еркін жаттығу бойынша финалға жолдама алған. Әйелдер...
Читать далее
Сәуір (2024)
Дс Сс Сә Бс Жм Сб Жс
    Там »
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930