Аида Бауыржанова әлем Кубогы кезеңін 8-орынмен аяқтады

Спорттық гимнастикадан Дохадағы әлем Кубогы кезеңінде Қазақстан намысын қорғаған Аида Бауыржанова жарысты 8-орында аяқтады.

Жерлесіміз қол тіреп секіру жаттығуы финалында бақ сынап, үздік сегіздік қатарына енді.

Ертең Аида Бауыржанова еркін жаттығу финалында өнер көрсетеді.