13-14 тамыз күндері гимнастшы қыздарымыз Конья қаласында (Түркия) өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ойындарында өнер көрсетеді. Еліміздің намысын жеке біріншілікте Елжана Тәниева мен Айбота Ертайқызы және топтық жаттығулардан ұлттық құрама командамыз қорғайды. Жекелей сынға түсетін қыздарды жарысқа Панченко Екатерина Ивановна дайындаса, топтық жаттығулардан команданың шеберлігін Быстрова Инна Валентиновна шыңдады Спортшыларымызға бірге жанкүйер болайық!Читать далее
Спорттық акробатикадан Қазақстан құрамасы Бүкіләлемдік ойындарға қатысу үшін Бирмингемге (АҚШ) аттанды. Бұл жарыстарда Қазақстан атынан Александра Рудакова мен Дамира Талғат бақ сынайды (Қарағанды қаласы). Сондай-ақ ерлер арасындағы жарыстарда қарағандылық Даниель Диль мен Вадим Шуляр сынға түседі. Еске сала кетсек, Женева қаласында өткен әлем чемпионатында біздің спортшылар Бүкіләлемдік ойындарға лицензия ұтып алған болатын. Спортшыларымызға сәттілік тілейміз!Читать далее