Нариман Құрбанов Париждегі World Challenge Cup жарысының күміс жүлдегері атанды!
Франция астанасында спорттық гимнастикадан әлем Кубогының кезеңі өтіп жатыр. Турнирге әлемнің 37 елінен 173 спортшы қатысуда.🇰🇿
Нариман ат снарядында 14.450 ұпай жинап, күміс медальға қол жеткізді. Ирландиялық Рис Маккленаган (15,100) чемпион атанса, тайпейлік Шяо Ю-Янг (14,350) қола жүлдені жеңіп алды.
Нариманды және барша жаттықтырушылар құрамын құттықтаймыз!