Қазақстан құрамасы бақ сынайды

Спорттық гимнастикадан Қазақстан құрамасы 29 қазан мен 7 қараша аралығында Ливерпульде (Ұлыбритания) өтетін 51-ші әлем чемпионатында бақ сынайды.

Айта кеткен жөн, бұл турнир 2024 жылы Парижде өтетін Олимпиада ойындарының алғашқы іріктеу жарысы болмақ. Олимпиада жолдамалары ерлер мен әйелдер арасындағы жеңімпаздар мен жүлдегерлерге беріледі. Бұл командалардың өкілдері Парижде командалық көпсайыста да, жеке біріншілікте де бақ сынай алады. Әлем чемпионатында әлемнің түкпір-түкпірінен 400-ден астам спортшы күш сынасады.

Қазақстан командасының құрамы:

Ерлер:

Карими Милад

Құрбанов Нариман

Патанин Дмитрий

Азизов Ілияс

Ахмеджанов Эмиль

Әйелдер:

Бауыржанова Аида

Ербосынқызы Көркем

Спортшыларымызға сәттілік тілейміз!