51-ші әлем чемпионаты өтуде

Ливерпульде (Ұлыбритания) спорттық гимнастикадан 51-ші әлем чемпионаты өтуде. Елімізден Милад Карими, Нариман Құрбанов, Дмитрий Патанин, Ілияс Азизов және Эмиль Ахмеджанов қатысуда.

Іріктеу қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы 18-орынға ие болып, финалға жолдама ала алмады.

Жеке біріншілікте Қазақстан еншісінде финалға екі жолдама бар: еркін жаттығулар бойынша Милад Карими – 3 орын (14,733), ал ат снаряды бойынша Нариман Құрбанов – 3 орын (15,033).

Жеке жаттығулар бойынша финалдар 5 қараша күні өтеді.