Халықаралық гимнастика федерациясы (FIG) Әзірбайжанның Баку қаласында өтетін Әлем кубогы кезеңіне қатысатын спортшылар тізімін жариялады.
Халықаралық турнир 5-8 наурыз аралығында өтеді.
Қазақстан құрамасының сапына мына спортшылар енді:
• Милад Карими
• Нариман Курбанов
• Дмитрий Патанин
• Диас Тойшыбек
• Зейнолла Ыдырысов
• Эвелина Ежова
• Радмилла Тарасова
Айта кетейік, бұған дейін Германияның Котбус қаласында өткен Әлем кубогы кезеңінде Нариман Курбанов ат снарядындағы жаттығуда қола медаль жеңіп алған еді.
