kkruКазахстанская федерация гимнастики

Даңқ залы

Ким Нелли Владимировна

қазақ және кеңестік гимнаст, бес дүркін Олимпиада чемпионы, бес дүркін әлем чемпионы, екі мәрте Еуропа чемпионы және КСРО-ның бірнеше дүркін чемпионы.

КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері (1976). Халықаралық гимнастика федерациясының әйелдер техникалық комитетінің президенті.

Ол 1957 жылы 29 шілдеде Тәжік КСР-індегі Шураб қаласында дүниеге келген. Нелли дүниеге келгеннен кейін отбасы Қазақстанның оңтүстігіндегі Шымкент қаласына көшіп келген. Қазіргі кезде оның ата-анасы сол жерде тұрады. Шымкентте Нелли спортпен 10 жасынан бастап, жергілікті балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде Владимир Байдиннің қол астында айналыса бастады. Қысқа уақыт ішінде Қазақстанның үздік гимнасты атанып, кейін бүкілодақтық және әлемдік аренада өз есімін танытты.

Ким 1970-жылдары әлемдегі ең үздік гимнастардың бірі болды. Ол Надя Команечи, Людмила Турищева және Ольга Корбут секілді гимнастика жұлдыздарымен тең дәрежеде бәсекеге түсті. 1975 жылы Еуропа чемпионатында еркін жаттығулар бойынша чемпион атанып, Ольга Корбутпен бірге КСРО халықтары Спартакиадасының абсолютті чемпионы болды. Ал 1976 жылы Монреаль Олимпиадасында үш алтын медаль жеңіп алып, үш дүркін Олимпиада чемпионы атанды.

1979 жылы әлемнің абсолютті чемпионы атағын жеңіп алды, ал 1980 жылы Мәскеу Олимпиадасында тағы да жеңіс тұғырының биігіне көтерілді.

Ким — Олимпиада ойындары тарихында еркін жаттығулар мен қол тіреп секіруден ең жоғары баға — 10 ұпай алған тұңғыш гимнаст.

1980 жылы спорттық мансабын аяқтаған соң, Нелли Ким ұзақ жылдар бойы спорттық гимнастикадан бірнеше ұлттық құрамаларды (Оңтүстік Корея, Италия, Беларусь) жаттықтырды. Кейін халықаралық төреші атанып, Олимпиада ойындары, әлем және Еуропа чемпионаттары секілді басты жарыстарда төрелік етті.

1996 жылдан бастап — Халықаралық гимнастика федерациясының мүшесі. 2004 жылдың қазан айында өткен Халықаралық гимнастика федерациясының конгресінде Нелли Ким әйелдер техникалық комитетінің президенті болып сайланды. Ол гимнастикадағы жаңа бағалау жүйесін енгізудің бастамашыларының бірі болды.

1999 жылы Нелли Ким гимнастикадан АҚШ-тың Оклахома-Сити қаласында орналасқан даңқ залына енгізілді.

Қызықты дерек:
Канадалық-португалдық әнші Нелли Ким Фуртадоның есімі (1978 жылы туған) аты аңызға айналған гимнаст Нелли Кимнің құрметіне аталған. Оның ата-анасына Кимнің 1976 жылғы Монреаль Олимпиадасындағы өнері ерекше әсер қалдырған.

валерий люкин

Люкин Валерий Викторович

қазақ және кеңестік гимнаст, екі дүркін Олимпиада чемпионы.
КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері (1987). Алматыдағы «Динамо» спорт қоғамының атынан өнер көрсеткен.

1988 жылғы Сеул Олимпиадасында командалық есепте және кермедегі жаттығуларда алтын медаль жеңіп алды. Сондай-ақ, сол Олимпиадада көпсайыс пен қоссырықтағы жаттығуларда күміс жүлдегер атанды. Командалық есепте әлем чемпионы (1987, 1991), ал 1991 жылы көпсайыста қола медаль иеленді. 1987 жылғы Еуропа чемпионы (абсолюттік есепте), сол жылы КСРО-ның абсолюттік чемпионы болды.

Ат снарядындағы жаттығу (1991), сақиналар (1989), қоссырық (1991), керме (1988) және қол тіреп секіру (1987) бойынша КСРО чемпионы.
1987 жылы халықаралық жарыстарда еркін жаттығуларды орындау сәтінде артқа қарай үштік сальто орындаған алғашқы гимнаст. Бұл жаттығуды оған Геннадий Анатольевич Трегубенко қойып берген болатын.

1992 жылы отбасымен бірге АҚШ-қа қоныс аударды. Жаңа Орлеандағы балалар спорт мектебінде жұмыс істеді. Кейін досы Евгений Марченкомен бірге АҚШ-та World Olympic Gymnastics Academy (Халықаралық Олимпиадалық гимнастика академиясы) атты мекемені ашты.

1993 жылы Бирмингемде өткен әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы сапында өнер көрсетті.

Отбасы
Жұбайы — Анна Кочнева, 1987 жылғы көркем гимнастикадан әлем чемпионы.
Қызы — Анастасия (Настя) Люкина, 2008 жылғы Олимпиада чемпионы (спорттық гимнастика, абсолюттік біріншілік).

Әлия Махсұтқызы Юсупова

1984 жылы 15 мамырда Шымкент қаласында (Қазақ КСР) дүниеге келген.

Қазақстандық спортшы, қазіргі таңда — спорт функционері. Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы.

Әлия Қазақстан құрамасы сапында көркем гимнастика бойынша жекелей жаттығуларда өнер көрсетті. Екі жазғы Олимпиадаға қатысқан: 2004 жылы Афинада – 4-орын, 2008 жылы Бейжіңде – 5-орын. Ресейде Ирина Александровна Винер-Усманованың шақыртуымен жаттыққан.

2000-2009 жылдар аралығында Қазақстанның абсолютті чемпионы атанды. Азия чемпионаттарының бірнеше дүркін жеңімпазы. 2006 жылы Дохада өткен Азия ойындарының чемпионы және 2002 жылы Пусанда өткен Азия ойындарының күміс жүлдегері.

Әлия Юсупова үш Универсиаданың жүлдегері:
– 2005 жылы Измирде доппен орындалатын жаттығуда – қола,
– 2007 жылы Бангкокта ұршықтармен орындалатын жаттығуда – қола,
– 2009 жылы Белградта көпсайыс және шығыршықпен орындалатын жаттығуда – екі қола медаль.

2001 жылы Мадридте өткен әлем чемпионатындағы дебютінен бастап Әлия көпсайыс бойынша әрдайым әлемнің үздік он гимнасының қатарынан көрініп отырды.

Спорттық мансабын аяқтаған соң, бапкерлік қызметке кірісіп, Шымкент қаласында көркем гимнастика мектебін ашты. Қазіргі уақытта көркем гимнастикадан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері.

  • дың 9 ақпанынан бастап – Қазақстан гимнастика федерациясының президенті.

Марапаттары:

-2004 ж. – «Еңбектегі ерлігі үшін» медалі

-2004 ж. – Оңтүстік Қазақстан облысының Құрметті азаматы

-2006 ж. – Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері

-2012 ж. – «Құрмет» ордені

-2018 ж. – «Парасат» ордені (награда Ақордада табысталды)

Екі баланы тәрбиелеп отыр.

Ерімбетов Ернар Сапарбекұлы

1980 жылы 15 ақпанда Алматы қаласында дүниеге келген.

Халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 2004 жылы Афинада өткен Олимпиада ойындарының финалисі. Қазақстан Республикасының бірнеше дүркін чемпионы, Әлем кубогы кезеңдерінің бірнеше мәрте жеңімпазы және жүлдегері. Универсиада ойындарының екі дүркін жеңімпазы және жүлдегері. Азия чемпионы, Азия ойындарының қола жүлдегері.

Спорттық мансабын аяқтағаннан кейін бапкерлік қызметпен айналысып келеді. Бапкерлік қызметтегі еңбек өтілі — 10 жылдан аса.

Горбачев Степан Владимирович

1983 жылы 2 қазанда Теміртау қаласында дүниеге келген.

Спорттық гимнастикадан Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Спорттық жолын Теміртауда бапкер Александр Диденконың қол астында бастаған. 14 жасында Алматы қаласына қоныс аударды.

Әлем кубогының, Азия ойындарының финалисі. 2003 жылы Оңтүстік Кореяның Тэгу қаласында өткен Дүниежүзілік жазғы Универсиадада еркін жаттығулар бойынша күміс жүлдеге ие болды. 2012 жылы Лондон Олимпиадасының қатысушысы.

Қазіргі уақытта спорттық гимнастикадан Қазақстан құрамасының көшбасшысы Милад Каримидің жеке жаттықтырушысы.

Анна Алябьева Розматовна

1993 жылы 13 қарашада Шымкент қаласында дүниеге келген.
Көркем гимнастикадан халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 2012 жылы Лондонда өткен жазғы Олимпиада ойындарының қатысушысы. 2010 жылғы Азия ойындарының чемпионы, Азия чемпионы.

Мәскеуде Н. М. Горбулина мен О. В. Буянова секілді белгілі бапкерлердің қол астында жаттыққан.

Қазіргі уақытта Анна Алябьева елордада өзінің көркем гимнастика мектебін басқарады және бапкерлік қызметпен айналысады.

Пирмаммад Алиев

1997 жылы 2 қарашада Шымкент қаласында дүниеге келген.
Батуттағы гимнастикадан Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері.

Әлем кубогы кезеңдерінің үш дүркін қола жүлдегері (2016 жылы — екі медаль, 2018 жылы — бір медаль), 2017 жылғы Әлем кубогы кезеңінің жеңімпазы, 2018 жылғы Азия чемпионы. 2014 жылы жасөспірімдер Олимпиадасына және 2016 жылы Рио-де-Жанейрода өткен Олимпиада ойындарына қатысқан.

Сабина Әшірбаева

1998 жылы 5 қарашада Шымкент қаласында дүниеге келген.
Көркем гимнастикадан Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы.

2016 жылы өткен Азия чемпионатында күміс және қола жүлделерге ие болған. 2014 жылы Инчхондағы Азия ойындарының қола жүлдегері. 2016 жылы Рио-де-Жанейро қаласында өткен Олимпиада ойындарының қатысушысы.

Спорттық мансабын аяқтаған соң, бапкерлік қызметпен айналысып келеді.

Милад Карими

1999 жылы 21 маусымда Алматы қаласында дүниеге келген.

Спорттық гимнастикадан Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Қазақстан ұлттық құрамасының көшбасшысы.

Жетістіктері:

-2017 жылы Қатарда өткен Әлем кубогының кезеңінде еркін жаттығулар бойынша күміс жүлдегер;

-2017 жылы Таиландта өткен Азия чемпионатында кермедегі жаттығуда қола жүлде;

-2018 жылы Канадада өткен әлем чемпионатының финалисі;

-2019 жылы Азия чемпионатында еркін жаттығулар бойынша күміс, қол тіреп секіруден қола жүлдегер;

-2019 жылы Италияда өткен Дүниежүзілік Универсиадада кермедегі жаттығуда күміс жүлде;

-2019 жылы Германияда өткен әлем чемпионатына қатысып, 2020 жылғы Токио Олимпиадасына жолдама жеңіп алған;

-2020 жылы Аустралияда өткен Әлем кубогының кезеңінде кермеде — күміс, еркін жаттығуда — қола жүлде;

-2020 жылы Хорватияда өткен Әлем кубогының жеңімпазы (еркін жаттығулар), қоссырықта — 2 орын, қол тіреп секіруден — 3 орын;

-2021 жылы Қатарда өткен Әлем кубогында кермедегі жаттығу бойынша қола жүлде;

  • ғы Токио Олимпиадасының қатысушысы және финалисі:

-Көпсайыста — 14-орын

-Еркін жаттығуларда — 5-орын

-Кермеде — 8-орын

Алина Мұратқызы Әділханова

2001 жылы 26 қыркүйекте Қарағанды қаласында дүниеге келген.
Көркем гимнастикадан Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері.

Спорттық жолын 4 жасында Қарағандыда бастаған. Алғашқы жаттықтырушысы — Людмила Ивановна Макарова. 16 жасында Шымкентке көшіп келіп, Әлия Юсупованың жетекшілігімен жаттыға бастады.

2021 жылдың маусым айында Азия чемпионатында Токио-2020 Олимпиадасына Қазақстан үшін жолдама жеңіп алып, сол Олимпиада ойындарының қатысушысы атанды.

Жетістіктері:

-Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы

-Азия чемпионатының төрт дүркін чемпионы (2017, 2018, 2021)

-Азия чемпионатының екі дүркін күміс және екі дүркін қола жүлдегері (2017, 2018)

-2018 жылғы Азия ойындарының чемпионы (командалық көпсайыс, жекелей көпсайыс)

Жасөспірімдер арасындағы жетістіктері:

-2016 жылғы жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаты:

Көпсайыс, секіргіш, ұршықтармен орындалатын жаттығу – күміс.

Командалық, шығыршықпен, доппен орындалатын жаттығу – алтын.

2017 жылғы Азия чемпионаты:

Команда – алтын;

Шығыршық – қола;

2018 жылғы Азия ойындары:

Команда, көпсайыс — алтын

  • жылғы «Азия балалары» халықаралық спорттық ойындары:

Доппен жаттығу – күміс;

Ұршықтармен жаттығу – қола.

Гвадалахара (2016, жасөспірімдер):

Шығыршықпен орындалатын жаттығу – күміс.

«Miss Valentine» халықаралық турнирі (2017):

Доп және таспамен жаттығу – қола.

«Афродита кубогы» (2017):

Ұршықтармен жаттығу – қола.

«Балтық шығыршығы» халықаралық турнирі (2018):

Таспамен жаттығу – күміс.

  • жылғы Азия чемпионаты:

Көпсайыс – алтын.

Алина Әділханова — Қазақстандағы көркем гимнастиканың жарқын өкілдерінің бірі және ел намысын халықаралық деңгейде абыроймен қорғаған спортшы.