kkruКазахстанская федерация гимнастики

Қазақстандық спортшылар батуттағы гимнастикадан Бакудегі Әлем кубогы кезеңінде үздік ондыққа енді

Қазақстан ерлер құрамасы батуттағы гимнастикадан Әзірбайжанның Баку қаласында өткен Әлем кубогының алғашқы кезеңінде өнер көрсетті.

Батутта секіру бағдарламасында қазақстандық спортшылар екі рет финалға жолдама алды.

Жекелей сайыста шешуші кезеңге Роман Барков шығып, жарыс нәтижесі бойынша сегізінші орынды иеленді.

Ал синхронды секіруде Роман Барков пен Ерлан Тасмағамбетов бесінші нәтиже көрсетті.

Leave a Reply