kkruКазахстанская федерация гимнастики

Қазақстандық гимнаст Милад Карими әлем чемпионатында үздік бестікке енді

Қазақстандық гимнаст Милад Карими Джакартада (Индонезия) өтіп жатқан әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті.

Отандасымыз кермедегі жаттығудың ақтық сайысында 14.366 ұпай жинап, әлем біріншілігін бесінші орынмен аяқтады.

АҚШ өкілі Броди Мэлоун жарыс жеңімпазы атанды — 14.933. Дайки Хашимото (Жапония) күміс медальға ие болды — 14.733. Джо Фрейзер (Ұлыбритания) үздік үштікті түйіндеді — 14.700. Бас серіктесі – «Самұрық Қазына» ҰӘҚ» АҚ
Серіктесі – Sport Qory спортты қолдау қоры

Leave a Reply