kkruКазахстанская федерация гимнастики

Қазақстан батуттағы гимнастикадан Испанияда өтетін әлем чемпионатына қатысады

5-9 қараша аралығында Испанияның Памплона қаласында батуттағы гимнастикадан әлем чемпионаты өтеді.

Жарысқа қатысатын Қазақстан құрамасының тізімі келесідей: Данил Мусабаев, Ерлан Тасмағамбетов, Роман Барков, Никита Тумаков және Виктория Бутолина.

Қазақстандық спортшылар жекелей және синхронды секіру бағдарламаларында, сондай-ақ ерлер және аралас санаттарда өнер көрсетеді.

Бұған қоса, ерлер құрамасы командалық есепте жүлде үшін бақ сынайды.

Leave a Reply