Жеке және топтық жаттығуларда өнер көрсетіледі

Бұл жарыста біздің гимнастшыларымыз жеке және топтық жаттығуларда өнер көрсетеді.
Жеке жаттығулардағы көпсайыстың іріктеу қорытындысы бойынша Эльжана Таниева доппен жаттығуда 2-орынмен (32.80), ұршық жаттығуында 6-шы орынмен (30.70) финалдық сайысқа өтті.

Ал Айбота Ертайқызы таспамен жаттығудың финалында өнер көрсетеді. 29,25 ұпаймен ол әзірге 7-орында.

Топтық жаттығуда Айдана Шаяхметова, Әсел Шүкірбай, Аяулым Қадір, Аружан Қасенова, Аружан Қалсаева, Ақсұңқар Әбдірахман Қазақстан намысын қорғауда.

Топ іріктеуден кейін 5 шығыршық және 3+2 жаттығуының финалына өтті.

Кубок финалдық сайыстары ертең өтеді.
Гимнасттарымызға сәттілік тілейміз!