Өзбекстан астанасында өткен..

Өзбекстан астанасында өткен көркем гимнастикадан Әлем кубогында ұлттық құрама топтық жаттығуларда өнер көрсетті.

Айдана Шаяхметова, Әсел Шүкірбай, Аяулым Қадыр, Аружан Қасенова, Аружан Қалсаева, Ақсұңқар Әбдірахман сынды гимнастшыларымыз 5 шығыршықпен және 3+2 жаттығуында қорытынды жаттығуларын аяқтады.

Қорытынды 28,15 ұпаймен Қазақстан
5 шығыршықпен жаттығуда 2 орын алды
Кубоктағы 1-орынды 33,40 ұпаймен Қытай құрамасы иеленсе, 3-орынды 27,95 ұпаймен Өзбекстан құрамасы иеленді.

Сондай-ақ біздің команда лента мен доппен жаттығуларда 26,15 ұпай жинап, қола жүлдегер атанды
Бұл жаттығуда бірінші болып Қытай құрамасы (27,20) және Германия командасы (27,00) екінші болды.

Қыздарымыз бен бапкерлерімізді күміс және қола медальдарымен құттықтаймыз