Франциядағы Гран-при кезеңі

Гимнастшыларымыз Франциядағы Гран-при кезеңінде өнер көрсетті

Францияның Тье қаласында көркем гимнастикадан Гран-при кезеңі аяқталды.

Жеке жаттығулардың финалында Милана Парфилова өнер көрсетсе, топтық жаттығуларда құрамында Ақсұңқар Әбдірахман, Айдана Шаяхметова, Аружан Қалсаева, Аружан Қасенова, Әсел Шүкірбай, Аяулым Қадір бар топ ел намысын қорғады.

Финалдық көрсеткіштер бойынша Милана Парфилова ұршық жаттығуы бойынша 29.750 ұпаймен үздік үштіктен бір қадам қалып 4-ші болса, лентамен жаттығуда 5-ші орынға ие болды.

Ал біздің топ лентамен жаттығуда 6-орынға, 3+2 финалында 28.450 ұпаймен 5-орынға ие болды.

Алдағы сайыстарда сәттілік тілейміз!