Жасөспірімдер құрамасы

Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Азия чемпионатының күміс жүлдесін иеленді

Жасөспірімдер арасындағы 19-шы Азия чемпионатында Қазақстан намысын Айым Мейіржанова, Дария Кушербаева және жасөспірімдер құрамасы қорғады.

Командалық есепте біздің команда көпсайыста 2-орынға ие болды

Ал топтық жаттығуда көпсайыста команда күміске қол жеткізді. Секірмемен финалдық өнер көрсетуде командамыз алтын жүлдеге ие болды

Айым Мейіржанова, Дария Кушербаева жеке жаттығуда өнер көрсетіп, чемпионаттың финалына шыға алды. Доппен финалда Айым Мейіржанова алтын медальді жеңіп алды (30,65)

Ал Дария Кушербаева жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатының шығыршықпен жаттығуда (30.45) финалдың күміс жүлдегері атанды

Жасөспірім гимнасшыларымызды құттықтаймыз