Азия чемпионаты өтті

Манила қаласында (Филиппин) көркем гимнастикадан Азия чемпионаты өтті.

Жеке жаттығуларда Қазақстан атынан Эльжана Таниева, Айбота Ертайқызы және Милана Парфилова өнер көрсетсе, топтық жаттығуларда команда құрамында Айдана Шаяхметова, Әсел Шүкірбай, Аяулым Қадір, Аружан Қасенова, Аружан Қалсаева, Ақсұңқар Әбдірахман өнер көрсетеді.

Командалық біріншіліктің қорытындысы бойынша гимнастшыларымыз екінші орынға ие болды

Өзбекстан құрамасы бірінші, ал үшінші орын Қытай құрамасына бұйырды.

Сонымен қатар, финалдық сайыста 5 шығыршық топтық жаттығуында командамыз қола жүлдеге ие болды

Айта кетейік, бұл чемпионат тамыз айында Испанияда өтетін әлем чемпионаты алдындағы құрлықтық іріктеу жарысы.

Гимнасшыларымыз мен жаттықтырушылар құрамын құттықтаймыз