Манила қаласында өткен көркем гимнастика

Манила қаласында (Филиппин) өткен көркем гимнастикадан ересектер арасындағы 14-ші Азия чемпионатында жекелей сында Қазақстан атынан Эльжана Таниева, Айбота Ертайқызы және Милана Парфилова өнер көрсетті.

Көпсайыс қорытынды нәтижесі бойынша Эльжана Таниева Азия чемпионатының 2-орын иегері атанды

Дәл осы сында өнер көрсеткен Айбота Ертайқызы 5-ші орынмен аяқтады.
Алтын жүлде Өзбекістан гимнастшысына бұйырса, қола қытай спортшысының еншісінде кетті.