Сайыстың іріктеу кезеңін аяқтады

Көркем гимнастикадан 40-шы әлем чемпионатында ел намысын қорғап жатқан Эльжана Таниева мен Эрика Жайлауова сайыстың іріктеу кезеңін аяқтады.

Эрика Жайлауова жалпы ұпайы 92.950 көрсеткішімен іріктеуде 19-шы орынға тұрақтаса, Эльжана Таниева 91.400 ұпаймен 26-шы орында өнер көрсетуін аяқтады.

Айта кету керек, чемпионаттың іріктеу кезеңіне әлемнің әр елінен 82 қатысушы қатысып, гимнастшылардың жинаған 3 үздік бағасынан іріктеу қорытындысы шығарылды.