Қазақстандағы олимпиадалық қозғалысқа 30 жыл

Астанада Қазақстан Ұлттық олимпиада комитетінің Бас Ассамблеясының отырысы өтті.
Отырыс барысында дауыс беру нәтижесінде Тимур Құлыбаев Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті қызметіне қайта сайланды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық Олимпиада комитетінің 30-жылдығымен құттықтап, көк байрағымыздың әрдайым биікте желбіреп, абфройымыздың асқақтауын тіледі. Сонымен қатар, халықаралық олимпиада комитетінің президенті Томас Бах жылы лебізін білдірді.

Қазақстандағы олимпиадалық қозғалыстың 30 жылдығына орай спорт саласының дамуына үлес қосқан қайраткерлердің еңбектері бағаланды. Солардың қатарында Қазақстан гимнастика федерациясының президенті Әлия Мақсұтқызы Юсуповаға 2-дәрежелі Құрмет белгісі табысталды. Құттықтаймыз!

Айта кетейік, бұл шара еліміздің барлық өңірлерін өткізіліп, спорт ардагерлеріне құрмет көрсетілген болатын.