Милад Карими күміс және қола жүлдегер атанды

Милад Карими Универсиадада күміс және қола жүлдегер атанды

ХХХІ Дүниежүзілік жазғы Универсиадада 4 жаттығу бойынша финалдық сайыстарға жолдама алған гимнастшымыз Милад Карими еркін жаттығу бойынша күміс жүлдегер атанды

Бұл жаттығуда бірінші орынды жапондық спортшы Кая Казума иеленсе, қола жүлде Оңтүстік Корея спортшысы Рю Сынхенге бұйырды.

Ал тіреп секіру жаттығуында спортшымыз қола жүлдеге ие болды

Алғашқы үштікке Украина және Тайпей спортшылары кірді.

Құттықтаймыз