Ребрендинг

Қазақстан гимнастика федерациясы ребрендинг жасады. Өзгерістер Федерация атауының жазылуына, веб-сайтына, логотипіне және визуалды имиджіне әсер етті. Шабыт ретінде біздің спорт түрлері негізге алынды.
Жаңа логотипте патриоттық рухты жеткізу мақсатында гимнасттар өнерінің икемді формалары Ұлттық ою-өрнек түрінде бейнеленген.
Барлық ою-өрнектер спортшыларымыздың бірлігінің белгісі ретінде шеңберге біріктірілген. Логотипті жасау үшін Олимпиада сақиналарының реңдері пайдаланылса, негізгі түстері көк туымыздан алынды – алтын (сонымен қатар алтын медальдың белгісі) және ашық көк.
Федерациямыздың жаңа визуалды бейнесінің авторы @madi.abdikov.design алғыс білдіреміз!