Спорттық акробатикадан Қазақстан құрамасы Бүкіләлемдік ойындарға қатысу үшін Бирмингемге (АҚШ) аттанды.
Бұл жарыстарда Қазақстан атынан Александра Рудакова мен Дамира Талғат бақ сынайды (Қарағанды қаласы). Сондай-ақ ерлер арасындағы жарыстарда қарағандылық Даниель Диль мен Вадим Шуляр сынға түседі.
Еске сала кетсек, Женева қаласында өткен әлем чемпионатында біздің спортшылар Бүкіләлемдік ойындарға лицензия ұтып алған болатын.
Спортшыларымызға сәттілік тілейміз!