Әлем кубогы аяқталды

Ароса қаласында (Швейцария) өткен батут гимнастикасы бойынша әлем кубогы аяқталды.

Бұл жарыста Қазақстан сапынан Данил Мұсабаев пен Пирмаммад Әлиев өнер көрсетті.

Біздің спортшылар жарыстың барлық кезеңдерінде белсенділік танытып, синхронды секіруден 5-орынға ие болса, жеке есепте Данил Мұсабаев аз ғана айырмамен медальдан бір қадам қалып, 4-орынға тұрақтады. Пирмаммад Әлиев жарысты 20-шы орында аяқтады.

Алда гимнастшыларымызды Софияда (Болгария) өтетін әлем чемпионаты күтіп тұр.  Сәтті дайындық пен жеңіс тілейміз!