Президенттен құттықтау хат алды

Спортшылар ҚР Мәдениет және спорт министрі Асхат Ораловпен кездесіп, президенттен құттықтау хат алды.

Мемлекет басшысы батутты гимнастика спортшылары Данил Мұсабаев пен Пірмаммад Әлиевтің, спорттық гимнастикадан Милад Карими мен Нариман Құрбановтың, көркем гимнастикадан Эльжана Таниеваның қазақстандық спортты дамытудағы еңбектері өскелең ұрпаққа үлгі-өнеге екендігін атап өтті. Сонымен қатар, бұдан да үлкен жетістіктерге жету жолында сәттілік тіледі.