Эльжананы қола жүлдемен құттықтаймыз!

Афинада көркем гимнастикадан әлем кубогының кезеңі аяқталды. Гимнастшымыз Эльжана Таниева ұршық және таспа финалдарында өнер көрсетті.

Ұршық финалдық өнер көрсетулер нәтижесі бойынша 31,550 ұпай жинап, қола жүлденің иегері атанды.

Таспа финалында жүлделі орынға бір қадам жетпей, 4-орынға тұрақтады.

Жаттықтырушылар құрамын және Эльжананы қола жүлдемен құттықтаймыз