Эльжананы күміс жүлдемен құттықтаймыз!

Болгарияның София қаласында көркем гимнастикадан Әлем кубогы аяқталды.

Гимнастшымыз Эльжана Таниева ұршық жаттығуы, доп және таспа жаттығуларының финалдарында өнер көрсетті. Финалдар қорытындысы бойынша Эльжана Таниева 30.900 ұпаймен 2-ші орынға ие болды.

Үздік үштікті өзбекстан спортшысы Тахмина Икромова бастаса, 3-ші орын бразилиялық Барбара Домингосқа бұйырды.

Эльжана мен бапкерлер құрамын күміс жүлдемен құттықтаймыз!