Карими Қазақстанға алтын медаль сыйлады

Қытайда өтіп жатқан Универсиадада финалдық өнер көрсетуін аяқтаған гимнастшымыз Милад Карими Қазақстанға алтын медаль сыйлады.

Ол кермедегі жаттығу финалында 14.800 ұпай жинап, Универсиада чемпионы атанды

Үздік үштікке Қытай және Жапония спортшылары жайғасты.

Бұл Милад Каримидің ХХХІ жазғы Универсиададағы 3-ші медалі. Бұған дейін ол еркін жаттығу бойынша екінші орын және тіреп секіруден қола медаль иесі атанған болатын.

Гимнастшымыз бен жаттықтырушыларымызды керемет нәтижемен құттықтаймыз