Спортшы қыздарымызға сәттілік тілейміз!

Болгарияның София қаласында көркем гимнастикадан халықаралық турнир өтіп жатыр. Сайыста Қазақстан атынан гимнастшыларымыз Сабина Бакатова мен Эрика Жайлауова жекелей сында өнер көрсетуде. Ал Францияның Тие қаласында Гран-при кезеңінде Милана Парфилова ел намысын қорғауда.

Бүгінгі көпсайыс нәтижесі бойынша Эрика Жайлауова жалпы 116.300 ұпаймен әзірге 5-орынға жайғасты. Эрика шығыршық, доп, ұршық пен таспа жаттығуларының финалдық кезеңіне жолдама алды.

Сабина Бакатова 106.000 қорытынды ұпаймен шығыршық жаттығуының финалына өтті.

Милана Парфилова Гран-при кезеңінде көпсайыс нәтижесінде 7-көрсеткіш көрсетіп, финалдық сайысына өте алды.

Финалдық сайыстар ертең өтеді. Спортшы қыздарымызға сәттілік тілейміз!