Данил Мұсабаев батут гимнастикасынан алғаш рет әлем кубогында алтын алды
ҚР халықаралық дәрежедегі спорт шебері Данил Мұсабаев батут гимнастикасынан әлем кубогының жекелей сынында топ жарды.
Әзірбайжан астанасы Баку қаласында әлем кубогының кезеңі өткен. Осы жарыста қарағандылық Данил Мұсабаев жекелей бәсекеде топ жарды. Сонымен қатар, Қазақстан әйелдер құрамасы сапынан Виктория Бутолина 21 қатысушысының арасынан алтыншы орынға тұрақтады.
Одан бөлек, Данил Мұсабаев пен Пирмаммад Әлиев синхронды секіруден топ жарды. Қазақстандық спортшылар 51.940 ұпай жинады.
Екінші орынға Германиядан келген Кайо Лаукстерманн мен Фабиан Фогель жайғасты (51.080 ұпай). Үздік үштікте португалиялық Диого Абреу мен Педро Феррейра (50.730 ұпай) бар.
Айта кетейік, әлем кубогына 16 елден 60-тан астам спортшы қатысты.
«Баку қаласында батут гимнастикасынан әлем кубогы өтті. Алғаш рет Қазақстан тарихында Данил Мұсабаев жекелей сында чемпион атанды. Бұған дейін алтын болмаған. Синхронды секіруден де алтын алдық. Бұл сайыстан 2017 жылы да жеңіске жеткеніміз бар», – дейді ұлттық құраманың бас бапкері Сергей Вертянкин.