Әлем кубогы кезеңінің жүлде иегері

Қазақстандық гимнасттар Әлем кубогы кезеңінің алтын жүлде иегері атанды.

Азербайжан астанасында әлем кубогінің кезеңі өтті. Ерлер арасында жекелей батутта секіру бәсекесінде Данил Мұсабаев тұғыр биігіне көтеріле алды!
Оған қоса, синхронды секіру сайысында Данил Мұсабаев пен Пирмаммад Алиев құраған жұп бәсекелестеріне жеңіске мүмкіндік бермеді.

Әйелдер арасында батутта секіруден Виктория Бутолина үздік 6 спортшы қатарына ене алды.