Топтық жаттығудан Қазақстан құрамасы Азия біріншілігінің финалында екі қола медаль жеңіп алды. Қыздарымыз кеше бес шығырышықпен өнер көрсетуде қола жүлдегер атанса, бүгін үш таспа және екі допппен жаттығу финалында үздік үштікті түйіндеді. Осыдан екі күн бұрын аруларымыз көпсайыста қола медаль иеленген болатын.Читать далее
Ұлттық құрама үздігі Эльжана Таниева қоржынын Азия біріншілігінің алтын және қола жүлделерімен толықтырды. Жерлесіміз шығыршықпен жаттығу финалында 33.90 ұпай олжалап, жеңімпаз атанды. Сондай-ақ, доппен жаттығу финалында Эльжана 32.60 ұпаймен үздік үштікті қорытындылады. Кеше Эльжана Таниева көпсайыста чемпион атаныпЧитать далее
Көркем гимнастикадан Ташкентте өтіп жатқан Азия чемпионатында Эльжана Таниева Париж Олимпиадасы жолдамасының иегері атанды. Ұлттық құрама үздігі көпсайыс қорытындысында 133,40 ұпай олжалап, тұғыр биігінен көрінді. Азия чемпионы атанған аруымыз ендіЧитать далее
Бүгін Ташкентте (Өзбекстан) көркем гимнастикадан Азия чемпионаты басталды Олимпиада ойындарының жолдамасы сарапқа салынатын құрлықтық бәсекеде ел намысын жекелей сында Эльжана Таниева мен Айбота Ертайқызы қорғайды. Сонымен қатар, Азия біріншілігінің топтық жаттығуында Қазақстан құрамасы (Аяулым Қадір, Аружан Қалсаева, Ақсұңқар Әбдірахман, Баян Қойбақар, Мария Корниенко, София Ан) да өнер көрсетеді. Азия чемпионатында жекелей сында бір, топтық жаттығуда...Читать далее
Топтық жаттығудан Қазақстан құрамасы Азия біріншілігінің алғашқы күнінде қола жүлде еншіледі. Көпсайыста қыздарымыз бес шығыршықпен өнер көрсетуде 32,05 ұпай жинаса, 3 таспа мен 2 доппен жаттығуда 29,25 ұпай олжалап, үздік үштікті түйіндеді. Ертең спортшыларымыз финалда бақ сынайды.Читать далее
Спорттық гимнастикадан ұлттық құрама мүшесі әлем Кубогы кезеңдері қорытындысында төртжылдықтың басты додасына жолдама жеңіп алды. Гимнастикалық ат снаряды жаттығуында өнер көрсететін спортшымыз Олимпиадаға іріктеу кезеңінде жалпы 70 ұпай олжалап, екінші орынға тұрақтады. «Бұл — бәріміз үшін көптен күткен Олимпиада жолдамасы. 2019 жылғы әлем чемпионатында Олимпиада ойындары лицензиясына бір қадам жетпей тоқтаған едім. Араға 4 жыл...Читать далее
Спорттық гимнастикадан Дохадағы әлем Кубогы кезеңінде Қазақстан намысын қорғаған Аида Бауыржанова жарысты 8-орында аяқтады. Жерлесіміз қол тіреп секіру жаттығуы финалында бақ сынап, үздік сегіздік қатарына енді. Ертең Аида Бауыржанова еркін жаттығу финалында өнер көрсетеді.Читать далее
Қазақстандық гимнасшы Дмитрий Патанин спорттық гимнастикадан Дохада өтіп жатқан әлем Кубогы кезеңінде қола жүлдеге қол жеткізді. Отандасымыз еркін жаттығу финалында 14.500 ұпай олжалап, үздік үштіктің қатарынан көрінді. Дмитрий мен ұлттық құрама бапкерлерін қола жүлдемен құттықтаймыз!Читать далее
Спорттық гимнастикадан Қазақстан құрамасының көшбасшысы Милад Карими Дохада өтіп жатқан әлем Кубогы кезеңінде алтын медаль иеленді. Отандасымыз еркін жаттығу финалында 14.766 ұпай еншілеп, тұғыр биігінен көрінді. Спортшымызды алда тағы екі финал күтіп тұр. Милад ертең гимнастикалық керме мен қоссырық жаттығулары финалында бақ сынайды. Гимнасшымыз бен бапкерлерді жеңіспен құттықтап, сәттілік тілейміз!Читать далее