Гимнасшыларымыз мен жаттықтырушыларды құттықтаймыз

Манилада (Филиппин) көркем гимнастикадан ересектер арасында 15-ші Азия чемпионатының финалдық өнер көрсетулері аяқталды.

Эльжана Таниева барлық жеке жаттығулар бойынша үздік үштікке енді: шығыршық финалында күміс медаль таспамен жаттығуында күміс медаль  ұршықпен финалдық өнер көрсетуінде қола медаль  және Азия чемпионатының доп жаттығуында қола медаль иегері атанды.

Сонымен қатар, Айбота Ертайқызы доппен және шығыршықпен жаттығуларда 4-ші орын алса, ұршықпен финалда Милана Парфилова 5-орынға тоқтады.

Гимнасшыларымыз мен жаттықтырушыларды құттықтаймыз