Спорттық гимнастикадан Дохадағы әлем Кубогы кезеңінде Қазақстан намысын қорғаған Аида Бауыржанова жарысты 8-орында аяқтады.
Жерлесіміз қол тіреп секіру жаттығуы финалында бақ сынап, үздік сегіздік қатарына енді.
Ертең Аида Бауыржанова еркін жаттығу финалында өнер көрсетеді.