kkruКазахстанская федерация гимнастики

Гимнаст Роман Хегай жастар арасындағы әлем чемпионатында жетінші орын алды

Филиппиннің Манила қаласында спорттық гимнастикадан жастар арасындағы әлем чемпионаты аяқталды.

Ат снарядындағы жаттығуда қазақстандық Роман Хегай финалға дейін жетті.

Іріктеу кезеңін ол бесінші нәтижемен аяқтады. Отандасымыз шешуші сындағы өнері үшін 11.733 ұпай жинап, жетінші орынға ие болды.

Қытайлық Ао Чжен жарыс жеңімпазы атанды — 13.533. Екінші орынға франциялық Лерой Траоре-Малатре (13.200) ие болса, жапониялық Нао Ожима үшінші орын алды — 12.700.

Бас серіктесі – «Самұрық Қазына» ҰӘҚ» АҚ
Серіктесі – Sport Qory спортты қолдау қоры

Leave a Reply