kkruНациональная федерация гимнастики Казахстана

Виктория Бутолина Азиадада төртінші орын алды

Қазақстандық спортшы Виктория Бутолина Аичи және Нагояда (Жапония) өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарында батуттағы гимнастикадан төртінші орынға ие болды.

Суперфиналда Бутолина төрешілердің шешімімен 52,15 ұпай жинап, төртінші орын алды.

Жарыста жапониялық Хикару Мори 56,88 ұпаймен жеңімпаз атанды. Екінші орынды 56,58 ұпай жинаған тағы бір жапониялық Мэгу Уяма иеленді. Қытайлық Цю Чжэн де 56,58 ұпай еншілеп, үшінші орынға жайғасты.

Айта кетейік, ерлер арасында қазақстандық Ерлан Тасмағамбетов қола медаль жеңіп алды.

Сурет: Никита Басов

Leave a Reply