Біздің заманымызға дейінгі көптеген ғасыр бұрын акробатика ежелгі Мысырда, ежелгі Римде, ежелгі Грекияда және Византияда белгілі болған. Сол уақытта «акробат» деп тек акробаттардың өзін ғана емес, сонымен қатар көшпелі әртістерді, арқан үстімен жүретіндерді, бишілерді де атаған.
Біздің заманымызға дейінгі 1500 жылы Крит аралында бұқалармен акробатикалық ойындар кеңінен таралған еді. Мысырда табылған және б.з.д. 1150 жылға жататын тастардағы оюлы суреттер мысырлық акробаттардың баспен, қолмен тұра алғанын, аяқтан қолға, қолдан аяққа секіргенін, екеулеп артқа аударылғанын, «көпір» жаттығуын орындағанын дәлелдейді.
Акробатикаға арналған алғашқы нұсқаулықтарды танымал француз акробаты Тюкарро 1599 жылы жазды. Олар — «Сальто-мортале оқулығы» және «Ауада орындалатын секіру және ат үстіндегі жаттығулар туралы үш диалог» деп аталды. Бұл еңбектер сол заманда белгілі акробатикалық элементтерді жүйелеуге алғашқы талпыныс болды.
Қайта өрлеу дәуірінде Венецияда акробаттар «тірі архитектура» байқауларында өнер көрсетті. Бұл байқауларда олар пирамидалар құру шеберлігінде жарысты. Мұндай пирамидалардың биіктігі 9 метрге дейін жетсе, бір пирамиданы 30 акробатқа дейін бірге құра алатын болған.
Спорттық акробатика – циркпен тығыз байланысты үлкен тарихи дәстүрі бар спорт түрі. Ол спорт ретінде көпғасырлық цирк өнерінде жинақталған ең үздік тәсілдерді бойына сіңірді.
1973 жылы КСРО, Польша, Болгария және Германия ұлттық федерациялары бірігіп, Халықаралық спорттық акробатика федерациясын (IFSA) құрды. Олардың негізгі мақсаты – ең күрделі акробатикалық элементтерді насихаттау және әлемдік деңгейдегі жарыстар ұйымдастыру болды.
1974 жылы Мәскеуде спорттық акробатикадан алғаш рет әлем чемпионаты өтті.
1998 жылы Халықаралық гимнастика федерациясының (FIG) ұсынысымен спорттық акробатика осы халықаралық ұйымның құрамына енді. FIG құрамына ену спорттық акробатика бойынша жарыстарды ұйымдастыру және өткізу ережелеріне елеулі өзгерістер әкелді.
Көрермен қызығушылығын арттыру мақсатында 2001 жылы спорттық акробатикада қорытынды бағаға қосымша құрамдас бөлік – әртістік бағасы енгізілді. Бұл баға жеке төрешілер алқасы тарапынан анықталады. Сөйтіп жарыстарда спортшылардың қорытынды ұпайы үш бөліктен тұратын болды: орындау техникасы, әртістік және жарыс бағдарламасының күрделілігіне берілетін ұпайлардың қосындысы.
Қазіргі уақытта FIG халықаралық ережелеріне сәйкес спорттық акробатикадан жарыстар бес түрлі бағдарлама бойынша өткізіледі:
Акробаттар жарыстарда өнер көрсете отырып, жан-жақты дайындықтарын, әртүрлі типтегі жаттығуларды орындау шеберлігін көрсетуі тиіс.
Мұнда «жаттығу» деп белгілі уақытпен шектелген, музыка сүйемелдеуімен орындалатын, жұптық-топтық және жеке элементтерден, сондай-ақ хореографиялық қозғалыстардан құралған акробаттардың жарыстық бағдарламасын айтамыз.
Акробатикалық жаттығулардың түрлері, ең алдымен, олардың құрамындағы элементтердің сипатына (жұптық-топтық және жеке) байланысты болады.
Спорттық акробатикада барлығы үш түрдегі жаттығу бар: — Всего в спортивной акробатике существует три типа упражнений:
Жарыстардағы өнер көрсету бағасы үш бөліктен тұрады: орындау техникасы бағасы, әртістік бағасы, жарыс бағдарламасының күрделілігіне берілетін баға.