Қазақстан ерлер құрамасы спорттық гимнастикадан Варнада (Болгария) өтетін Challenge Cup кезеңіне қатысады.
Ұлттық құрама сапына төрт спортшы енді. Төменде жарысқа қатысатын гимнастардың тізімі берілген.
• Зейнолла Ыдырысов (ат снарядындағы жаттығулар)
• Нұртан Ыдырысов (еркін жаттығулар, қол тіреп секіру, сақина және қоссырықтағы жаттығулар)
• Роман Хегай (ат снаряды, қоссырық және кермедегі жаттығулар)
• Асан Сәлімов (еркін жаттығулар, қол тіреп секіру, кермедегі жаттығулар)
Турнир 7-10 мамыр аралығында өтеді.
