Софияда (Болгария) көркем гимнастикадан Әлем кубогы кезеңі аясында жеке көпсайыстағы жарыстар аяқталды.
Қазақстан құрамасы сапында Айбота Ертайқызы мен Айым Мейіржанова өнер көрсетті.
Ертайқызы 107.300 ұпай жинап, қорытындысында 14-орынға ие болды. Мейіржанова 102.800 ұпаймен 29-нәтиже көрсетті.
Жарыста Таисия Онофрийчук (Украина) жеңіске жетті — 116.600. Одан кейін Стилиана Николова (Болгария) — 116.200. Қола жүлдені София Раффаэли (Италия) — 115.700 иеленді.
Бүгін, 30 наурыз күні, жекелеген жаттығулар бойынша финалдар өтеді.
