kkruКазахстанская федерация гимнастики

Милад Карими спорттық гимнастикадан Challenge кубогы кезеңінің жеңімпазы атанды

Спорттық гимнастикадан Қазақстан ұлттық құрамасының көшбасшыларының бірі Милад Карими Сомбатхейде (Венгрия) өткен Challenge кубогы кезеңінде алтын медаль жеңіп алды.

Қазақстандық спортшы кермедегі жаттығуларда жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді.

Карими финалда 14.750 ұпай жинап, жеңімпаз атанды. Одан кейінгі орынға колумбиялық Анхель Барахас (14.650) тұрақтаса, Чили өкілі Луциано Летелье (14.250) үздік үштікті түйіндеді.

Айта кетейік, бұған дейін Дмитрий Патанин еркін жаттығуларда жеңіске жеткен еді.

Бас серіктесі – «Самұрық Қазына» ҰӘҚ» АҚ
Серіктесі – Sport Qory спортты қолдау қоры

Leave a Reply