Жеңімпаздар анықталды

Мысырда өткен спорттық гимнастикадан Әлем кубогы кезеңінің жеңімпаздары анықталды.

Ат снарядындағы жаттығуда іріктеу кезеңінен кейін Нариман Құрбанов көш бастаған болатын. Каирде өткен кубок кезеңінде жыл мықтылары анықталды.

Нәтиже бойынша ат снарядындағы 2023 жылдың әлем кубогы кезеңдерінің үздігі – Нариман Құрбанов

Айта кетейік, гимнастшымыз екі жыл қатарынан өз жетістігін қайталап отыр. Ал осы кезеңде 38-ден астам мемлекеттен 130-дан астам гимнастшылар бақтарын сынады.

Нариман мен бапкерлерді жетістіктерімен құттықтаймыз