Әлем кубогы кезеңі өтуде.

Португалияның Портимао қаласында көркем гимнастикадан Әлем кубогы кезеңі “World Challenge Cup” өтуде.

Бүгін көпсайыс жаттығулары аяқталды. Іріктеуге жалпы саны 52 гимнастшы қатысқан болатын. Кубок кезеңінде Қазақстан атынан Эльжана Таниева, Айбота Ертайқызы және топтық жаттығудағы құрама өнер көрсетеді.

Көпсайыс нәтижесі бойынша Айбота Ертайқызы 3-шы орын иегері атанды. Сонымен қатар, шығыршық, доп, ұршық жаттығуының финалдық сайыстарына жолдама алды.

Ал Эльжана Таниева көпсайыста 4-ші орынға тұрақтады. Ол шығыршық, доп және таспа жаттығуының финалына өтті.

Финалдық сайыстар ертең өтеді. Сәттілік тілейміз