Жаңа президентінің сайлауы өтеді

Катар астанасында Азияның гимнастикалық одағы жаңа президентінің сайлауы өтеді

15-16 қаңтар күндері Дохада (Катар) AGU Азиялық гимнастикалық одағының Конгресі өтіп жатыр.
Конгреске Қазақстан делегациясы да қатысуда: Қазақстандық гимнастика федерациясының президенті – Әлия Юсупова, вице-президент Даниса Дүйсенғалиева, бас хатшы Раббани Әшімбеков, сондай-ақ Азиядағы спорттық акробатика жөніндегі техникалық комитет президенті Айгүл Дүкенбаева.

Катардағы іс-шара аясында Азияның гимнастикалық одағы президентінің, сондай-ақ барлық комитеттер басшыларының сайлауы өтеді. Сонымен қатар, қатысушылар гимнастиканың Азия құрлығында даму мәселелерін талқылайды.

Алуа Бектұрова AGU көркем гимнастика жөніндегі техникалық комитетіне, Ольга Муртазина AGU батуттық гимнастика жөніндегі техникалық

комитетіне, Александр Ким AGU ерлер арасындағы спорттық гимнастика жөніндегі техникалық комитеті мүшелігіне, ал Айгүл Дүкенбаева AGU спорттық акробатика жөніндегі техникалық комитеттің президенті лауазымы сайлауында бақ сынайды. Конгресс жұмысына Халықаралық гимнастика федерациясының (FIG) Президенті Моринари Ватанабе қатысып жатыр.

Дауыс беру нәтижесі ертең, 16 қаңтар күні жарияланады.