Ольга Муртазина

Ольга Муртазина — AGU батуттық гимнастика жөніндегі техникалық комитетінің мүшесі.

Катарда өтіп жатқан Азия гимнастикалық одағының Конгресінде Ольга Муртазина
AGU батуттық гимнастика жөніндегі техникалық комитетінің мүшесі болып сайланды.

Ольга Валерьевна Муртазина — Қазақстандық гимнастика федерациясының батуттық гимнастика жөніндегі техникалық комитетінің президенті және халықаралық дәрежедегі төреші. Ол әлем және Азия чемпионаттарында, сонымен қатар көптеген халықаралық турнирде төрелік еткен.

Толағай табыс тілейміз!