Тағы да медаль!

Көркем гимнастикадан Қазақстан ұлттық құрамасы Түркияда өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ойындарында жеке бағдарлама бойынша командалық біріншілікте үшінші орын алды! 🥉Еліміздің атынан Елжана Тәниева мен Айбота Ертайқызы өнер көрсетті.

Топтық жаттығулардан командамыз да турнирдің қола жүлдесіне ие болды. 🥉Бірінші орынды Әзірбайжан спортшылары иеленсе, Өзбекстан құрамасы екінші орынға тұрақтады. Құттықтаймыз!

Ертең спортшыларымыз жарыс финалында бақ сынайды. Сәттілік тілейміз!

Leave a Reply