Үш күміс медаль т

Спорттық гимнастикадан ерлер құрамасы Түркияда өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ойындарында Қазақстан қоржынына үш күміс медаль түсірді.

Нариман Құрбанов ат снарядындағы жаттығуларда жетістікке жетсе, Дмитрий Патанин еркін жаттығуларда, ал Милад Карими кермедегі жаттығуларда үздік үштіктен көрінді.

Естеріңізге сала кетсек, командамыз көпсайыс бойынша үшінші орын иеленген болатын.

Спортшылар мен жаттықтырушылар құрамын шын жүректен құттықтаймыз! Алға!

Leave a Reply