Спортшының сапалы дайындығы оның әлемдік аренадағы барлық нәтижелерінің негізі болып табылады. Спортта үнемі қозғалыста болу, білім мен дағдыларды жетілдіру, тәжірибе алмасу өте маңызды.
2021 жылдың мамыр айынан бастап қазақстандық гимнастшылар Мәскеудегі белгілі жаттықтырушы Ирина Винер-Усманованың көркем гимнастика орталығында жаттығуда. Ирина Александровна – чемпиондардың бірнеше ұрпағын тәрбиелеген өз саласының нағыз майталманы. Қазақстан құрамасының спортшылары қазіргі таңда Ирина Александровнаның орталығында ресейлік мамандармен оқу-жаттығу жиындарына қатысып, дайындалу мүмкіндігіне ие болды. Бұл жұмыстың нәтижесі де көп күттірген жоқ, мәселен, жақында Болгарияда өткен әлем чемпионатында ұлттық құраманың көшбасшысы Елжана Тәниева үздік 10 гимнасттың қатарына енді.
Қазақстан гимнастика федерациясы @samruk_kazyna_trust Әлеуметтік жобаларды дамыту қорына спортшыларды дайындауды ұйымдастыруға көрсеткен көмегі үшін алғысын білдіреді. Сіздердің қолдауларыңыз бен бірлесіп күш салған еңбегіміздің арқасында еліміздегі гимнастика деңгейі дамып, арта беретініне сенімдіміз.